Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Неліктен Қазақстан халқы Ораза айт мейрамын өзгелерден кеш атап өтеді

Неліктен Қазақстан халқы Ораза айт мейрамын өзгелерден кеш атап өтеді

Қазақстанда қасиетті Рамазан айы соңына жетті. 5 маусымда елімізде Ораза айт мейрамы басталады. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы неліктен мемлекетіміз Ораза айтты өзгелерден кеш атап өтетінін түсіндірді,

Ертең, 5 маусымда, Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Тәжікстан халқы Ораза айт мейрамын атап өтеді. 
Алайда Ресей, Сауд Арабиясының тұрғындары аталған мейрамды атап өтуіге бүгін, 4 маусымда, кірісіп кетті. Себебі астрономиялық зерттеулерге сәйкес, аталған елдердің аумағында жаңа ай басталыпты. 
ҚМДБ мәліметінше, 2019 жылдың 11 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында өткен басқосуда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімдерінің басшылары жаңа айдың тууын халықаралық астраномиялық зерттеу орталықтарының әдістемесі негізінде белгілеуге бірауыздан келіскен. Сондай-ақ оған 4 шарттың табылуы айтылды. Олар:
  1.  Ай жаңасы 15 сағат 33 минут жалғасады;
  2. Ай мен күннің бату аралығы ең азы 29 минут;
  3. Айдың күннен ұзарту бұрышы 7,7 градус;
  4. Айдың горизонттан биіктігі 5 градусты құрайды.
Осы шарттар табылған жағдайда жаңа ай басталған болып саналады.
«Сонымен қатар Қазақстанда белгілі Фесенков атындағы астрофизика институтының мәліметі бойынша, жаңа айдың көрінуі 4 маусымға тура келеді, бұл күні айдың батуы күн батқаннан кейін 1 сағаттан кейін болады», - делінеді хабарламада. 
Осыған орай, биыл Қазақстанда Ораза айт күні 5 маусымға сәйкес келіп тұр.
http://stan.kz
05 маусым 2019 ж. 828 0