Толқын » Қоғам » "Бізден аулақ жүріңдер, тойдырғандарыңды-ай": Алсу желідегі пікірлерге жауап берді
"Бізден аулақ жүріңдер, тойдырғандарыңды-ай": Алсу желідегі пікірлерге жауап берді
Белгілі әнші Алсу "Голос. Дети" байқауындағы жанжалдан кейін желідегі пікірлерге жауап берді,
Қызы Микелла Абрамованың "Голос. Дети" байқауындағы даулы жеңісінен кейін Алсу бір ай бойы желіден көрінбей кеткен. Алайда, туған жері Қазан қаласында қыздарымен бірге өнер көрсеткенін жасыра алмаған әнші, желіге жазба қалдырған. "Балаларымның өзге адамдардың қайғысына бейжай қарамайтынына қуаныштымын. Микелла жеңісі үшін алған бір миллион рубльді туған күнінде-ақ қор басшысы Владимир Вавиловқа сыйлаған еді", - деп пікір қалдырып, қорда қызмет ететін адамдарға алғысын білдірген. Оқырмандар Алсудың желіге қайта оралатын сәтін күткен болуы керек. Бірінен-соң бірі ойын жазып, пікірлерін жаудырған. Бұған ашуланған Алсу қолданушылардың біріне ауыр жауап берді. "Бізден аулақ жүріңдер, тойдырғандарыңды-ай. Қорқаулар сияқтысыңдар", - деп жауап қатқан.