ӘЙЕЛДЕРДІҢ КҮЙЗЕЛІСКЕ ТҮСУ СЕБЕБІ

Күйзелістің тағы бір себебі, бұл жаста әйелдердің әлеуметтік рөлі өзгереді. Бірі – ана, бірі – жар атанады. Кешегі студенттен кәсіби маманға айналады, жаңа отбасының негізін қалайды. Оларға деген жауапкершілік артады да өзіне деген уақыты азая бастайды. Жауапкершілік пен жүктелген міндет күннен-күнге ұлғаяды. Мұндай өзгерістер әрине, әйел баласына оңай емес, өзін жоғалтады.
Ішкі дүниедегі толғаныстың соңы күйзеліспен аяқталады. Осы орайда өміріңізге өзгеріс енгізуге талпыныңыз. Мұны кішкентай нәрседен де бастай аласыз. Алайда оған еңбектенуге тура келеді. Әрбір бастау алған істің жемісін қанағат тұту келесі биікті жақындатады.
Күйзелісті қолдан жасайтындар да бар. Қандай жағдай болмасын бұдан шығатын жолды әйел заты өзі табуы тиіс. Ұсақ мәселелерді көңілге алып, ашуланудың қажеті жоқ. Сыртқы кескін-келбетке мән беріп, күтініңіз. Бұл өзіңізді еркін, көңілді сезінуге ықпал жасайды.
Өмірде қандай өзгерістер болса да, әйел адам өзіне міндетті түрде уақыт бөлуі тиіс. Нәтижесінде бағаңызды арттырасыз. Өзін қызықтыратын кез келген іспен айналысу да жаныңызды жадыратады.
Әйел затының көңіл-күйі мен өзгерістері ер-азаматтың да назарынан тыс қалмағаны жөн. Жарының жанын түсіну арқылы жоғарыдағы келеңсіздіктен келіншектерді құтқаруға болады. Отбасы бірлігі мен тыныштығы, берекесі мен жылулығын сақтайтын аяулы жанның күйзеліске түспеуіне ер-азаматтардың да үлесі бар.
Дереккөз: Reactor