Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Домбыраның шегі босап кетті: Мақпал Жүнісова қиын жағдайдан қалай шыққанын айтты

Домбыраның шегі босап кетті: Мақпал Жүнісова қиын жағдайдан қалай шыққанын айтты

Мақпал Жүнісова қиын жағдайдан қалай шыққанын айтты

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақашасында ескі бейнежазбасын жүктеп жұртты сүйсіндірген. Сахнаның ортасында домбыраның шегі босап қалып, өнер иесі қолымен әуенге келтіріп әнін жалғастырып кеткен. Әншінің бұл тапқырлығын көрген жұрт таңқалысты. Қиын жағдайдан қалай шыққанын Мақпал Жүнісованың өзі де түсіндіріп берді.
"Ән айтып тұрғанда домбыраның шегі босап кеткен сәт, эфирге өтпей қалып еді 1997жыл", - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Бұны көрген жұрт өз ойларын ортаға салып, пікір білдірді. Мақпал Жүнісованың өнерін жақсы көретін тыңдармарман әншіні жер көкке сыйғызбай мақтады.
"Домбыраның ішегі жоқ болса да, сіз сахнадан кетпеңіз, сіздің кетуіңіз қауіпті", "Шіркін-ай, нағыз тума талантсыз ғой. Сіздің орныңызда басқа адам болғанда өзін жоғалтып абдырап қалар еді", "Нағыз сахна саңлағы деген осы шығар", - деп жазды олар.
http://stan.kz
06 маусым 2019 ж. 1 930 0