Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусымда жарыққа шығатын фильмдер

Маусымда жарыққа шығатын фильмдер

Жаздың алғашқы айы атақты блокбастерлер "Икс адамдар: қара Феникс"(Люди Икс: Темный Феникс) және "Қара киімді адамдар: Интернэшнл"(Люди в черном: Интернэшнл) пен Элтон Джонның өмірбаянын көрсететін "Рокетменнен" басталады. Ендеше бүгін маусым айында жарыққа шығатын фильмдер топтамасын ұсынамыз:  "Икс адамдар: қара Феникс" / "Люди Икс: Темный Феникс""Люди Икс" шытырманға толы фильмдер топтамасының соңы режиссер мен сценарий жазушы Саймон Кинбергтің туындысы "Икс адамдар: қара Феникс" арқылы суреттелмен. Франшизаның драмалық қорытындысын түсіру құқығы Disney компаниясына өткен болатын. Фильмдегі басты рөлдердің бірін Софи Тренер ойнайды, одан бөлек Профессор Икс (Джеймс МакЭвой) мен Мистиктің (Дженнифер Лоуренс) соңғы франшизадағы ойындары болмақ.  "Рокетмен"
Режиссер Декстер Флетчердің "Рокетмен" биографиялық драмасы "Богем рапсодиясын" еске салады. Бұл жолы музыка әлемінің аңызы Элтон Джонның өмірбаянына арналады. Ал, басты рөлде Тэрон Эджертон ойнайды. "Домино"
Атақты америкалық режиссер Брайан Де Пальма үлкен экранға криминл әрі драма жанрындағы туындысы "Домино" арқылы қайта оралады. Басты рөлді "Тақтар ойыны" сериалының жұлдызы Николай Костер-Вальдау сомдайды. Дегенмен, алғашқы пікірлерге сүйенсек, шетелдік БАҚ өкілдері фильмді қатты сынға алған. "Қара киімді адамдар: Интернэшнл" / "Люди в черном: Интернэшнл"
Ғарыш кеңістігінен өзге аймағынан Жерге шақырусыз келетін "қонақтардан" қорғайтын арнайы агенттердің жұмысы арта түсті. Ф. Гэри Грейдің туындысынан Уилл Смит пен Томми Ли Джонсты дуэтінің орнына жаңа агенттерді Крис Хемсворт пен Тесса Томпсонның сомдауынан көре аласыз. "Ма"
Хоррор трилер жанрының жанкүйерлерін Тейт Тейлордің "Ма" туындысында Оливия Спенсер жұмбақ қарақшы рөлімен қуантады.  "Ойыншықтар хикая 4" / "История игрушек 4"
Pixar студиясының анимациялық туындысы "Ойыншықтар хикаясының" төртінші бөлімі маусым айында шығады. Ковбой Вуди мен ғарышкер Базз Лайтердің шытырман оқиғасы жалғаса түседі. "Робот баласы" / "Дитя робота"
Ғылыми фантастиканың сүйіп көретіндер үшін "Робот баласы" фильмі көптен күткен туынды болмақ. Басты рөлдердің бірінде Оскар жүлдесін иемденген Хилари Суонк ойнайды. Фильм "Қара айна" (Черное зеркало) сериалын еске түсіреді әрі антиутопиялық хикаяны баяндайды. Технологиның дамуынан туындаған зардапты суреттей отырып, адамзаттың жаңа тарихын бейнелейді.   "Балалар ойыны" / "Детские игры"
Pixar студиясының балаларға арналған анимациялық фильмімен қатар классикалық хоррор "Балалар ойыны" жарыққа шығады. Чаки есімді қуыршақ қанішердің оқиғасы әлі аяқталған жоқ… "Иттің өмірі" /"Собачья жизнь 2"
Өзінің сүйікті иесімен қайта қауышу үшін бірнеше рет дүниеге қайта келетін иттің шытырман оқиғасы жалғасыды: бұл жолы да фильм адам мен төрт аяқты жануардың өзара байланысын сипаттайды.






07 маусым 2019 ж. 506 0