Кәсіпкер елордалық көпбалалы отбасыға үй сыйлады
«Iron Plast Group» компаниясы «Менің Атамекенім» жобасының шеңберінде алты бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға 4 бөлмелі үйдің кілтін табыстады.
Осыдан аз ғана уақыт бұрын «Iron Plast Group» компаниясы «Менің Атамекенім» бағдарламасы аясында мұқтаж жандарға үй сыйлағысы келетіндіктерін білдірген еді. Компания өкілдері бір ай ішінде пәтерге мұқтаж отбасыны таңдады.
Жібек Көшекбаева – «Күміс алқа» иегері, жалғызбасты ана. Жібек ханымды денсаулығына байланысты ешбір жерге жұмысқа қабылдамайды. Одан бөлек бір баласының мүгедектігі бар.
«Біз бұл күнді ұзақ күттік. Пәтерді кімге сыйласақ екен деп көп ойландық... Жоба амбассадоры Тәңірберген Бердоңғар, «Кинопарк» кинотеатрлар желісі және де «Iron Plast Group» компаниясының қолдауымен тосын сый жасаймыз деп шештік. «Менің Атамекенім» жобасының волонтерлары Жібек пен оның балаларын серуендеуге шақырды. Отбасы мүшелері киноның соңы көптен күткен армандарының орындалуымен аяқталады деп ойламағаны анық. «Iron Plast Group» әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында тағы бір отбасы баспаналы болды. «Жақсылық вирусы» жобасы жылдам дамып келеді. Соның нәтижесінде елімізде осындай қуанышты сәттер көбейіп келеді», - дейді «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры Ляззат Чингисбаева.
https://baq.kz