Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сахнада құлап қала жаздадым": Айдана Меденова Face of Asia фестивалінде үздік үштіктің қатарынан көрінді

"Сахнада құлап қала жаздадым": Айдана Меденова Face of Asia фестивалінде үздік үштіктің қатарынан көрінді

Айдана Меденова Face of Asia фестивалінде алғашқы үштіктің қатарынан көрінді

Әнші Оңтүстік Кореяда өткен Face of Asia Халықаралық өнер фестиваліне қатысуды әдетке айналдырған. Биыл Орта Азияның атынан өнер көрсеткен Айдана Меденова «Азия елдері арасында  шоу — бизнес  және музыка индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін»  марапатына ие болып, үздік үштіктің қатарынан бой көрсетті.
"Бүгін мен үшін өте сәтті күн! "Ақ түйенің қарны жарылған күн" деген сөз дәл келетін сияқты. Қуаныштан жүрегім жарылардай болып тұрмын. Қолдау көрсетіп, құттықтап жатқан баршаңызға алғысым шексіз. Қобалжығаннан сахнада құлап қала жаздадым. Құттықтауларыңызға рақмет!" - деп жазды Айдана Меденова.
Әлемнің көптеген елдерінен 25 қатысушы өнер көрсеткен додада Айдана Меденованың жұлдызы жанып, тыңдармандарын таңқалдыра түсті.
10 маусым 2019 ж. 1 010 0