Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңбұзушылық анықталды: Маңғыстау облысында басқарма басшысы жазаланды

Заңбұзушылық анықталды: Маңғыстау облысында басқарма басшысы жазаланды

ҚР Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменті цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараты негізінде Маңғыстау облысының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасына қатысты жоспардан тыс тексеру өткізді,

Тексеру барысында ведомство 26 жұмыс күні ішінде қызмет алушыға "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылғаны анықталды.
Бұл лицензияны берудің жоспарланған күні - 2019 жылдың 8 ақпаны.
Айта кету керек, басқарма басшысы бұл істің орындалу барысын бақылап тиіс. Оған толық мүмкіндігі бар.
Тексеру нәтижелері бойынша Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғатбек Әнуарбекұлы Бапиевке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттама жасалды және 25 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.
http://stan.kz
11 маусым 2019 ж. 651 0