Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Келіндерімнен қорлық көрдім": Төрт ұлының біреуі жақсылық жасамаған әже өкпесін жеткізді

"Келіндерімнен қорлық көрдім": Төрт ұлының біреуі жақсылық жасамаған әже өкпесін жеткізді

9 ай бойы төрт ұлдан қайыр көрмей, айдаладағы Жандос Жүнісов есімді азаматтың қолында тұрып жатыр. Келіндерінің озбырлығынан ашынған қария көзінің жасын тоқтата алмай, ақиқат іздеп дал болған. Төрт бірдей келіннен көрген қорлығы былай тұрсын, әжені қарашаңырағынан да қуып шыққан."Менің анам 52 жасында қайтыс болды. Маған 50 жас берсе де разы болар едім. Сонша жасқа келіп не керек? деді келінім. Шал үлкен келінді алғанымызды ғана көрді. Өзгесін көрген жоқ. Қорлық шал кеткен соң басталды. Өзі бір бүйрекпен жүрмін. Балаларға қой десем, келіндерім сілкілейді", - дейді Мырзагүл Ешниязова.
Жасы 70-тен асқан әже қазір үлкен қызының ұлы ат бағатын Бекжан немересінің қолында тұрады. Тіпті кіші ұлы келіп, өлтіріп тастаймын деп қорқытқан көрінеді.
"Немерелерім мойныма асылып, әжелеп тұрады. Оларды қатты сағындым. Оларды жақсы көремін. Бәріне бақыт тілеймін", -деп ағынан жарылды әже.
Өзі қорлық көрсе де, келіндерін жаман атқа қимады қария.
"Келіндерім, ертең сендер де қартаясыңдар. Менің күнімді сендерге бермесін", - дейді әжей.
Бағдарламадан кейін  Мырзагүл Ешниязова Жеңісбек Қазимов есімді үшінші ұлының қолына көшіп келген. Ұлы анасынан кешірім сұрап, өкпенің барлығын ұмытуды өтінді.
14 маусым 2019 ж. 1 289 0