Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетісайда өгей шешеден қорлық көрген үш қыз бейімдеу орталығына орналастырылды

Жетісайда өгей шешеден қорлық көрген үш қыз бейімдеу орталығына орналастырылды

Түркістан облысының Жетісай ауданында өгей шешеден қорлық көрген үш қыз Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Кәмелетке толмаған үш жасөспірім 20 сәуірде аудандық ауруханадан шығарылған. Сөйтіп Жетісай ауданында құрылған арнайы комиссия үш қызды бейімдеу орталығына ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Назгүл Құрманалиеваның сөзінше, олар орталыққа сенбі күні түс кезінде жеткізілген. «Қазір үшеуінің де жеке әлеуметтік жағдайы барлығы бірқалыпты, жақсы. Орталыққа бейімделулері бірқалыпты. Оқу-тәрбиелік, психологиялық-әлеуметтік көмектердің барлығы көрсетілуде. Тамаққа деген тәбеттері де ашыла бастады. Басқа балалармен және орталық қызметкерлерімен қарым-қатынасы жақсы», - дейді Назгүл Құрманалиева. Шымкентке сондай-ақ, үш қызға қорлық көрсеткен деп айыпталған өгей шешенің 1 жас 7 айлық сәбиі де жеткізілді. Нәресте қазір қаладағы «Мамандандырылған бөбектер үйіне» орналастырылған. Ал, 30 апталық жүктілігі бар күдікті әйел соттың шешімімен үй қамақта отыр. Тергеу шаралары аяқталғанша кәмелетке томағандар мамандардың бақылауында болып, психологиялық көмек көрсетілмек. Еске салайық, Жетісай қаласында өгей шеше қыздарына ине тығып, тоңазытқышқа отырғызып азаптағаны жайлы белгілі болған еді. Кейіннен осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, әйел үй қамаққа алынды. Айта кетейік, қыздардың денесінен соққы ізін көрген мұғалімдер полицияға хабар берген. Жасөспірімдердің үшеуі де аудандық ауруханаға жатқызылып, оларға тиісті емдік шаралары көрсетілген болатын. 
https://www.inform.kz
22 сәуір 2019 ж. 1 001 0