Толқын » Қоғам » Жол апатында аяғынан айырылған алматылық бойжеткен Қазақстаннан көшіп кетті
Жол апатында аяғынан айырылған алматылық бойжеткен Қазақстаннан көшіп кетті
Алматыда жол апаты салдарынан аяғынан айырылған Екатерина Парафиева елден кетті.
"Маған екі жыл ішінде өмірің күрт өзгереді десе, сенбес едім. Ол кезде күн сайын өз күтіміңе қарайтын күн туады десе, сенбес едім. Ал енді өзге елге кетуге қалай шешім қабылдаймын?", - дейді ол. Оның айтуынша, адам мүмкіндігі шексіз. Екатерина желідегі қолданушыларына мақсатқа жету үшін еш нәрседен тайынбауға кеңес берді. Парақшада пікір жазушыларға жауап берген Екатерина Германияға көшіп кеткенін айтты. Желі қолданушыларының сұрағына жауап бере келе, аяққа тұрғысы келетінін жеткізді. Екатерина Парафиеваның есімін былтырғы жылы көпшілік естіген еді. 2017 жылы 16 маусымда Алматыда болған апат салдарынан бойжеткеннің екі аяғын да кесіп тастады. Жол апаты 16 маусым күні әл-Фараби даңғылының бойында болған. Ол көлігінің жарылған дөңгелегін ауыстырмақ болып сыртқа шыққан кезде, жол апатына ұшырады.