"Мұқағали" фильмінің түсірілімі басталды

"Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында", - дейді фильмнің режиссері Қалымбетов. Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облыстарына жол тартпақ. "Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Біз фильмде Мұқағали Мақатаевпен есейген кезінде, Қазақ КСР Жазушылар Одағы ақынның тағдырын отырыста шешкен уақытта танысамыз", - делінген хабарламада.