Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ойнап отырған: Қарағандыда 5 жасар бала көліктің терезесіне мойны қысылып көз жұмды

Ойнап отырған: Қарағандыда 5 жасар бала көліктің терезесіне мойны қысылып көз жұмды

Қарағандыда 5 жасар бала ойнап отырып көз жұмды. Жалғыз қалған бала көліктің терезесін ашып-жауып ойнап отырған.

Әкесі баласын көлікте жалғыз қалдырып кетеді. Баласы көлік терезесінен басын кіргізіп-шығарып ойнап отырса керек,
Кенет батырманы басып қалғанда терезе автоматты түрде көтеріліп, баланың басы қысылып қалады. Ол батырманы қайта басып үлгермеген. 
Баланың өлі екенін көрген әкесі дереу жедел жәрдем шақырады. Алайда ақ халаттылар баланы құтқарып үлгермеді. 
Полицейлер жағдайды оқыс оқиға деп атады.
18 маусым 2019 ж. 858 0