Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зияны 4 есе артық: Отандық мамандар микротолқынды пештің зиянын айтып, дабыл қақты

Зияны 4 есе артық: Отандық мамандар микротолқынды пештің зиянын айтып, дабыл қақты

Микротолқынды пеш ұялы телефоннан да қауіпті. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген елордадағы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары дабыл қағуда.

Тәжірибе жасаған олар Оңтүстік Кореяда өндірілген техникалардың сәулелендіру деңгейі шектен тыс жоғары болғанын анықтаған.
Ол тек астың құнарын құртып қана қоймай, құрамын да өзгертетін көрінеді. Сондықтан, мамандар микротолқынды пештен барынша аулақ болуға кеңес береді. Пештің бұл түрі қандай дерттерге әкеп соқтыруы мүмкін? 
Жапония 2020 жылдың соңына дейін микротолқынды пештен толық бас тартпақ! Себебі асыққанда асты тез жылытатын, қажет десеңіз шұғыл тағам әзірлеуге болатын микротолқынды пеш адам ағзасына орасан зор қауіп төндіреді екен. Алайда мұны бұқараның бірі білсе, екіншісі мүлде бейхабар.
"Зияны бар ғой. Ондай электронный заттарды анда-санда ғана қолданамыз. Керек кезінде ғана". 
"Әрине ойлаймыз оның ішінде көптеген микроэлементтер немесе энергия жүйесіндегі зиянды заттардың болуы әбден мүмкін.
"Кейде асығыс кезде оны қолданып жатамыз. Мысалы жұмысқа барар кезде", - деді тұрғындар.
Жапондардың жарғақ құлақтарының жастыққа тимей зар қағуына себеп бар ма? Осыны білмек болып қоғамдық денсмаулық сақтау департаментіне жүгінген едік. Микротолқынды пештерді тексерген мамандардың сөзінше, бұл техника 10 сантиметр қашықтықта 10 микроватт/см квадраттан артық сәулелендірумеуі тиіс. Алайда кейбір пеш түрлері  61,3 микроватт/см квадрат сәуле шығаратыны белгілі болды.
"Тәжірибе жасау уақытында әртүрлі маркалы 13 микротолқынды пешті қолдандық. Олардан арнайы өлшемдер алынды. Тексеріс кезінде Оңтүстік Кореяда өндірілген техника түрінің сәулелендіру диапазоны шекті нормадан 1,5-4 есеге дейін артық екені анықталды. Ал ,10 және 50 сантиметр қашықтықта сәулелендіру мөлшері 10 мкВт/см квадратқа жетпейтін Еуропа мен Ресейде жасалған микротолқынды пештер әлдеқайда қауіпсіз екеніне көз жеткіздік", - деді қалалық қоғамдық денсаулқ сақтау департаментінің жетекшісі Сәдуақас Байғабылов.
Микротолқынды пештен шығатын сәулелі толқындар жүрек, жүйке және эндокриндік жүйені зақымдайды. Ағзадағы сау жасушаларды сәулелендіріп, қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін дейді салалықтар. Алайда сауда орталықтарында бұл тауар түрі толассыз сатылып жатыр. Бағасы 12 мыңнан басталатын техникаға сұраныс жыл сайын жоғары дейді сатушылар.
"Микроволновканың ішінде ультртолқынды магниттер болады. Сол магниттер адамның ішкі құрылысына  зияны тимеуі үшін осындай арнайы қақпақты дайындап жатқан кезіңізде, қыздырып жатқан кезіңізде үстінен жабуға кеңес беремін. Инструкциясында қауіпсіздік шаралары жазылады. Зиянды жақтары жазылмайды ішінде", - деді сатушы Алмас Тойымбетов. 
Нұсқаулығы болса да, пештен келетін қауіп қапшығында көрсетілмейді екен. Пеш тұрмақ, шылымның сыртында зияндылық деңгейі көрсетіледі. Сондықтан мамандардың "сақтықта қорлық жоқ" деген пікірде.
Сатушылардың сөзінше, микротолқынды пешті инструкция бойынша 5 жастағы балаларға қолдануға рұқсат етілген. Алайда мамандар бүлдіршін тұрмақ, ересектерге оның жанында тұруға болмайтынын айтады. Сондықтан ең қолайлысы электрлік немесе газ пешті қолданған оңай дейді олар.
http://stan.kz
18 маусым 2019 ж. 667 0