Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Пікір жазғым келмеп еді, енді жазуға тура келіп тұр": Айдын Рахымбаев Нұр-Сұлтандағы 42 қабатты көпір жайлы

"Пікір жазғым келмеп еді, енді жазуға тура келіп тұр": Айдын Рахымбаев Нұр-Сұлтандағы 42 қабатты көпір жайлы

Нұр-Сұлтанда екі мұнарасы бар көпірдің салынуы қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсті. BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев бұл жобаның Қазақстанға не үшін керек екенін түсіндірді.

"Пікір жазғым келмеп еді, енді жазуға тура келіп тұр. Әрбір компания осындай нәрсе жасағысы келеді. Біз бірнеше жыл зерттеп, халықаралық сәулет студияларының жобасы мен идеяларын алып көрдік. Оның ішінде британдық сәулетші Норман Фостер де бар (Нұр-Сұлтандағы Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан Шатыр СО-ның авторы). Ақырында мамыр айында ең үздік концептіні қала құрылысы кеңесінде қорғап шықтық. Әдемі жоба емес пе, қараңыздаршы?", - дейді Рахымбаев Instagram парақшасында.
Автордың айтуынша, бір мұнара елорданың оң жақ жағалауында, бір мұнара сол жақ жағалауда орналасады. Ортасында ұзындығы 100 метр болатын шыны едені бар конструкция жасалады. Келушілер кофе ішіп отырып, шыны арқылы суда жүрген кемелерді көре алады. 
"Сол жақ мұнарада бизнес-орталықтар, оң жақ жағалауда - пәтерлер орналасады. Онда тұрушылар таңертең көрші мұнараға жұмысқа барып, паркте таңертегілік жүгіре алады. Веложолақ арқылы велосипедпен қыдырады. Мұнараның аяғы жағалаудың жақтауына орналасады. Мемлекеттің бір тиынын шығын етпейміз. Біз ЖРТ емеспіз. Әр теңгені санап жұмсаймыз", - деді Айдын Рахымбаев.
Ол мұның өз компаниясы үшін күрделі емес екенін, кәсіби қызықты жоба екенін айтады. 
"Егер осыны атқарып шықсақ, мемлекеттің қаражатынсыз бір жоба сала алмайтын шетелдік компанияларға тосқауыл боламыз. Бәріне! Онсыз да ноу-хаулар қомақты қаражатты талап етеді. Ол үшін дұрыс жұмыс жүргізіп, өз қаражатымызды жұмсап, ақшаның құнсызданғанын қосқанда, тәуекелге барып отырмыз. Бірақ кәсіби түрде дамуымыз керек. Шетелдіктерге жүгінбей, өзіміз салуымыз керек. Осында батыл қадамдар ғана қазақстандық компанияларға өзін көрсетуге мүмкіндік береді", - деді ол. 
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда 42-қабатты мұнарасы бар көпір салынатынын жазған едік.
http://stan.kz
18 маусым 2019 ж. 850 0