"Мейірімділігімізден айырмасын": Абай Бегей қызымен татуласты

Ал қызы Ерке Абайқызы болса, "Атасымен" деп жазба қалдырып, бақытты екенін жасыра алмаған. Абай Бегей қызын көріп қуанып, немересін көріп шабыттанып қайтты. Бұны көрген жұрт та қалыс қалмай, татулықтарың ұзағынан сүйіндірсін деп пікір білдірді.
"Абай аға Ақтауда жүр дегенде осындай сурет күтіп едім. Жарайсыз!", "Алланың берер сыйы таусылмасын", "Сіздер үшін қуаныштымыз", "Татулық, бірлікте болыңдар", - деп пікір қалдырды жұрт.
Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегейдің үлкен қызы қателігін мойындап, кешірім сұрағаны туралы жазған болатынбыз.