Өзі – генерал, әйелі – полковник
Әскер, құқық қорғау органдарында жүрген азаматтардың жеке өмірлеріндегі ұстанымдарын, бос уақытта немен айналысатынын көп біле бермейміз. Ендеше ҚР ІІМ қарасты төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер тілшілерге айтқан құпиясымен бөлісуді жөн көрдік.
Жақында Ішкі істер министрлігі баспасөз мәжілісін өткізді. Соңғы кездері батуттан құлау, суға кету оқиғалары да жиілеп кетті. Мамыр айында Қарағандыда қатты желден батут аударылып, бір бала көз жұмған болатын.
«Біз батуттардың есебі мен бақылауға алу жұмысын қатаң түрде қолға алдық. Оның үстіне, өткен аптада министрдің еліміз бойынша балаларға арналған ойын алаңдарын тексеру және оның иелеріне қауіпсіздік ережелерін түсіндіру туралы бұйрығы шықты. АталғаН бұйрықтың негізінде барлық аттракциондар мен батуттарды санап жатырмыз. Есеп бойынша барлығы 339 балалар аттракционы тексерілді, оның ішінде 84-і – стационарлы, 254-і – үрлемелі батут. Бұл, әрине, ақырғы цифр емес, жұмыс жалғасып жатыр. Енді 1 шілдеден бастап аттракциондардың қауіпсіздігіне арналған ұлттық стандарт енгізіледі. Қазіргі кезде аталған құжат индустрия және инфрақұрылымдық даму мининстрлігіне қол қоюға жіберілді. 1 шілде күні ұлттық стандарт заңды күшіне енеді. Оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдар бақылаушы функциясын атқаратын болады», - деді Беккер баспасөз мәслихатында.
Осы ретте комитет төрағасы өзінің балаларының батутқа бармайтынын, оған рұқсат бермейтінін айтты.
«Мен сізге шынымды айтайын: қызым бар. Жасы 10-да. Біздің елордаға қоныс аударғанымызға да 10 жыл болды. Ол әлі күнге батуттан секіріп көрген емес. Біріншіден, батуттардың бәріне шаң-тозаң жиналып қалған. Таза емес. Баланы онда жіберу обал. Аттракциондар да дәл солай. Ал кинотеатрға ересек адамдармен бірге жібереміз», - дейді Владимир Беккер.
Оның айтуынша, бос уақытын балаларымен бірге өткізгенді құп көреді. Спортпен айналысады.
«Менің бос уақытымды тиімді өткізуге арналған өз бағдарламам бар. Астанада «Арман қала» тұрғын үй кешенінде тұрамын. Ол жерге ботаникалық бақ жақын орналасқан. Сондықтан түске дейін бақтың ішінде велосипед тебуге тырысамын. Егер ондай мүмкіндік болмаса скандинавиялық жүріспен айналысуға кеңес беремін. Былтыр осы спорт түрімен шұғылдану үшін арнайы таяғын сатып алғанмын. Шындығында, адамның бұлшықеттерінің 95 %-ы жұмыс істегенді қалайды», - дейді В.Беккер.
Оның отбасында бәрі суға жүзуді меңгерген. Жиі бассейнге барып тұрады. Ал еңбек демалысын Беккердің отбасы Түркияда өткізеді екен.
«Балалардың бәрі суға жүзуді меңгерген. Олардың бәрін үш жастан үйреткенбіз. Бірақ теңізге түскенде оларға қолым жететіндей жерде жақын жүзуге тырысамын», - дейді комитет төрағасы.
«Достарым айтқан кезде күлетін, тағы бір құпияны ашайын. Мен –генерал, әйелім – полковник. Олар сосын «Балаларыңның шені қандай?» деп сұрайды. Әзірге балаларым қатардағы жауынгер деп жауап беремін. Күлетін боларсыз, алайда барлығы үшін тәртіп бірдей болу керек. Ұлым биыл 10 сыныпты бітірді, қызым бастауыш мектеппен қоштасты. Осы уақытқа дейін бірде-бір рет балаларымыздың сабағына көмектескен емеспіз. Мектептен келеді, киімдерін ауыстырады. Сосын үй тапсырмасын орындап тастайды. Тамаққа ең соңында отырады. Оқу озаттары болмаса да, жақсы оқиды. Бастысы, үш деген баға жоқ», - дейді Беккер.
Төтенше жағдайлар комитетінің ұлы қытай тілін оқып жүр, алдағы уақытта Қытай университетіне түсуді жоспарлап отыр.
«Мен ұшқыш болады деп ойладым, әйелім: бір үйге бір әскери адам жетеді» жеп шорт кесті», - дейді ол.
Ішкі істер министрлігінің өкілі қандай қызығушылығы бар екенін де жасырған жоқ.
«Мен гүлдерді жақсы көремін. Үйде оларды өзім суарамын. Бұл мен үшін жан рахаты. Қызым кактус өсіріп жүр. Күнделікті күтімін өзі жасайды», - дейді Беккер.
Ол ересек адамдарға балаларына көп уақыт бөлу керектігін айтты. Одан бөлек, балаларын базарға ертіп апарғаннан ұялмау керек деп санайды.
«Балаға көңіл бөлу керек. Мен қызымды дүкенге ертіп барамын. Ол арбаны сүйреп жүреді. Мысалы, қандай кетчуп сатып алу керектігін білмеймін, ол барлығын ажырата алады. Бізде қыста отбасы болып дәстүрлі түрде тұшпара дайындайтын әдетіміз бар. Сағатына 200 дана тұшпара жасаймыз. Оған «қатардағы жауынгерлерде» үлес қосады. Жұбайым қамырын жаяды, мен ет тартамын. Ал балалар соны түйеді», - дейді В. Беккер.
Айта кетейік, Владимир Беккер 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2016 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы.
https://baq.kz