Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада жыл басынан бері 11 үрмелі батут жұмысын уақытша тоқтатты

Елордада жыл басынан бері 11 үрмелі батут жұмысын уақытша тоқтатты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Төтенше жағдайлар департаменті және аудандық әкімдіктерімен бірлесе отырып, балалардың жарақаттану және өлім-жітім оқиғаларының көбеюіне байланысты үрмелі батуттардың жұмысын уақытша тоқтатуға бағытталған шараларды қабылдады, Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарлауынша, Орталық, "Жетісу", "Жерұйық" және "Студенттік" саябақтарының әкімшілігі жүргізген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан 11 үрмелі батуттың жұмысы тоқтатылды. Әкімдіктегілердің мәліметінше, қазіргі уақытта қала әкімдігі сауда, ойын-сауық орталықтары аумағында ойын-сауықтық нысандарды орнатуға рұқсат бермейді. Кәсіпкерлер сауда орталықтарында және басқа да жеке меншік объектілерде батуттарды екі кәсіпкерлік субъектісі арасында жалдау шарты негізінде орналастырады. Сондай-ақ, саябақ әкімшіліктері келісім-шарт бойынша жел секундына 10 метр жылдамдықпен соққанда, ауа райының тұрақтанғанына дейін батуттар және аттракциондар жұмысын тоқтатуы тиіс екені айтылады. Аттракционға кірген балаға неге тәтті-пәтті беруге болмайды - Ойын алаңындағы ережелер "Сонымен қатар, бүгінгі таңда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті батуттардың және аттракциондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін әзірледі", - деп атап өтті инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасындағылар
https://kaz.tengrinews.kz
28 мамыр 2019 ж. 772 0