Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Көкелерінің" көмегінсіз табысқа жетті: Желіде Аймағамбетовтың жас кезіндегі видеосы пайда болды

"Көкелерінің" көмегінсіз табысқа жетті: Желіде Аймағамбетовтың жас кезіндегі видеосы пайда болды

Қазақстандық тележурналист Владислав Воднев Instagram желісінде таяуда тағайындалған білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың жас кезіндегі видеосын жариялады,

Аталған видео Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде түсірілген екен. 
«Асхатты тағайындалуымен құттықтаймын! Университетте бірге оқыдық. Оны адал, адамгершілігі мол адам ретінде білемін. Өте білікті, ақылды. Тағы айта кетерлігі, қарапайымдығына қарамастан, «көкелерінің» көмегінсіз табысқа жетті. Еліміздің жастары үшін мінсіз үлгі деп санаймын. Асхат – Головкин сияқты Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Екеуі де 1982 жылғы. Екеуі де табысқа өз күшімен жеткендер», - деп жазды Владислав Воднев.
Асхат Аймағамбетов Қарағанды облысында дүниеге келген. 14 маусымда 37 жасқа толды. Тарихшы, тарих пәнінің мұғалімі және құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. 2019 жылдың қаңтар айынан бері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін білім және ғылым министрінің орынбасары болған.
19 маусым 2019 ж. 1 007 0