Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер дұрыс қарамаса не істеу керек? Министрдің кеңесі

Дәрігер дұрыс қарамаса не істеу керек? Министрдің кеңесі

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің біліксіздігі үшін шағым жазуға болатынын айтты.

"Еліміздегі әр аудан мен қалаларда арнайы жергілікті департаменттер бар. Олар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің құзырында. Бұл қайта құрылған комитет. Егер сіз дәрігердің қызметін дұрыс атқармағанын көрсеңіз не өзіңіз сондай жағдайға тап болсаңыз, департаментке жазбаша түрде арыз жаза аласыз", - деді Біртанов. 
Министрдің айтуынша, желіде жазылған медициналық қызметке қатысты мәселелер де назардан тыс қалмайды. 
Желіде жазылған мәселелер бойынша біз тексеру жүргіземіз, алайда оның бәрін ресми түрде тіркей алмаймыз. Сондықтан жазбаша түрде арыз жазыңыздар", - деді министр.
Бұған дейін министр қазақстандықтардың шағымынан соң кей дәрілердің нұсқаулықсыз сатылатынын айтқан еді.
http://stan.kz
19 маусым 2019 ж. 786 0