Павлодарда нұсқаулықсыз көз тамшысын сатқан дәріханашыға жарты миллион теңге айыппұл салынды

Павлодар қаласының әкімшілік соты дәрігердің нұсқаулығынсыз дәрі сатқан қызметкерге 481 мың 100 теңге (1 253 доллар) мөлшерінде айыппұл салуға шешім қабылдады.
Бүгінгі күні Қазақстанда 7 748 дәрі-дәрмек тіркелген, оның ішінде 6114-і нұсқаулық бойынша, ал 1634-і нұсқаулықсыз беріледі.
Айта кетейік биыл шілде айынан бастап дәріханаларда дәрілер нұсқаулық бойынша сатылатын болды.
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардың шағымынан соң кей дәрілердің нұсқаулықсыз сатылатынын айтқан еді.