Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір көрпесімен далада қалды: Алматыда жиырма отбасы тілсіз жаудың кесірінен баспанасынан айырылды

Бір көрпесімен далада қалды: Алматыда жиырма отбасы тілсіз жаудың кесірінен баспанасынан айырылды

Алматы жатақханасындағы ірі өрт жиырма жаняұны баспанасыз қалдырды. Тілсіз жаудың кесірінен екі қабатты үй күлге айналып кете жаздаған.

Көптеген адамдардың жиған-тергені, құжаттары өртенген. Балжан Бекжанова есімді қазақстандықтың барлық дүниесі жанып кеткен. Ол сегіз айлық баласымен, бір көрпесімен далада қалды. 
"Киім, жиһаз, техника — барлығы өртеніп кетті. Бесік арба, бесікте жоқ. Енді не істейміз? Көптеген затты несиеге алып едік", — дейді ашынған әйел. 
Жатақхана кеше кешкісін өртке оранған. Бірінші кезекте үйдің шатыры, сосын екінші, бірінші қабат өртенген. Адамдар дер кезінде сыртқа шығып үлгерді. Балаларымен бірге терезеден секіріп шыққан алматылықтар да болды. Құтқарушылар үйден алты газ балонын алып шықты. Өрттің неден пайда болғаны анықталды. 
"Электр өткізбесі апаттық режимге өткендіктен, қысқаша тұйықталу өрттің шығуына түрткі болған", — дейді Алматы қаласы бойынша ТЖ департаменті жетекшісінің орынбасары Арман Байгелов. 
Тұрғындардың көпшілігі барлық заттарын жинап болған соң, мектепте уақытша тұра тұрады.
20 маусым 2019 ж. 654 0