Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбыл облысының жолында тойдың үш қонағы ЖКО-ға түсіп, мерт болды

Жамбыл облысының жолында тойдың үш қонағы ЖКО-ға түсіп, мерт болды

Жырма төрт жастағы үш азамат оқиға орнында бірден көз жұмды.

Аудандық Құлан орталығының камералары тек соңғы секундтарды түсіріп үлгерген. "Мерседес" жолдағы көліктерді басып озып, қарама-қарсы бағытқа шыққаннан кейін "Фольксваген" көлігімен соғысқан. Үш азаматтың өмірін қиған соққы кадр сыртында болған. Көліктің қатты жылдамдықпен келе жатқанын көліктегі спидометрден анықталды. Темір тұлпардың жылдамдығы 135 км/сағатты құраған. Екі жүргізушісі және жолаушы оқиға орнында мерт болды. Тағы да екі адам ауруханада жатыр. 
"ЖКО-ға ұшыраған көліктегі адамдар тойдан үйлеріне қайтып бара жатқан. Көз жұмған үщ азамат 1995 жылы дүниеге келген. Екеуінің артынан кәмелеттік жасқа толмаған балалары қалды. Жанұялары бар", — дейді Жамбыл облысындағы полиция департаменті баспасөз-қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

http://stan.kz  

20 маусым 2019 ж. 626 0