Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бари Алибасов ұлын мұрагерліктен айыратынын мәлімдеді

Бари Алибасов ұлын мұрагерліктен айыратынын мәлімдеді

Бари Алибасовтың ұлы әкесінің мәлімдемесінен таңғалды. Әкесі ұлын  мұрагерліктен айырғанын айтты.

Продюсердің сөзі ұлын шошытып отыр. Ол әкесі есінен адасқанын немесе оған әлдекім жалған ақпарат бергенін айтқан. 
"Өзім де таңғалып тұрмын. Себебі бұл дегеніміз жалған нәрсе.  Оның тілі 80 пайыз дұрыс, түсінікті. Ал 20 пайызға анық емес. Ол іс-сапардан келгенде менің оның пәтерін алмақ болғаным жалған. Бұған Шукшиновтер отбасымен осы мәселеде араласқаны себеп шығар. Ол ауырған соң өз отбасында да осындай жағдай болып жатыр деп ойлауы мүмкін", - дейді ұлы. 
Ұлы әкесінің мұрасыны қызықпайтынын айтты. Себебі оның 14 жасында байлағының жартысын аударып қойған екен. 
"Өзім бұл жайлы 5 жыл бұрын естідім. Менде онсыз да көп жылжыматын мүлік бар. Әкемнің байлығынан гөрі ақылы қымбат. Ешқашан ақша алып көрген емеспін", - дейді ұлы. 
Бұған дейін Бари Алибасов ұлын мұрагерліктен айыратынын айтқан еді 
"Өзі жұмыс істесін. Жануарлар балалар үйіне беремін", - дейді "На-на" тобын құрушы.
Айта кетейік, 4 маусымда Бари Алибасов кенеттен құбырды тазалайтын сұйықтықты ішіп, ішек, асқазан және тыныс алу жолдарының күйіп қалды. Бірнеше күн бойы ол медициналық комада болды. Қазір есін жиды. Ұлы әкесінің не себепті Қазақстанға оңалтуға шақырылғанын түсіндірді.

http://stan.kz 

21 маусым 2019 ж. 639 0