Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматылық әйел асырап баққаны үшін өз қызынан 4 миллион теңге өтемақы талап етуде

Алматылық әйел асырап баққаны үшін өз қызынан 4 миллион теңге өтемақы талап етуде

Алматы тұрғыны Светлана өз қызынан 4 миллион теңге өтемақы талап етуде. Анасы ұлының емі үшін үлкен қызының ақша бергенін қалайды.

Светлананың бір ұл, бір қызы бар. Қызы Софья мен ұлы екеуінің әкелері басқа. Софьядан әкесі бас тартқандықтан анасы жалғыз өсірді. Кейін анасы өзінен бірнеше жасқа кіші 26 жастағы Николаймен танысады. Одан жүкті екенін білгенде, сүйіктісі ізін суытады. Осылайша Светлана ұлын да жалғыз асырад 
Софья әжесінің қолында тәрбиеленді. Анасы күні-түні жұмыста болды, әкесі жарты жылда бір келіп тұрды. 
Енді анасы ұлын емдетуге қызынан ақша талап етуде. Ұлының дертін қаражаты бар болса, емдеуге болады. Светлана асырап-баққаны үшін қызынан 4 миллион теңге өтемақы талап еткен. Алайда қызы оған көнбейді. Заңгерлермен ақылдасқанда, ата-ана баласынан екі жағдай өтемақы талап ететінін айтқан. Біріншіден, ата-ана еңбекке жарамсыз болса, екіншіден, көмекке аса мұқтаж болса. Алайда Светлананың жағдайы бұған келмейтіндіктен заң Софьяның жағында. Дегенмен қызы анасының алдында өзін қарыздар санайды. Заң бойынша, өзінікі дұрыс болғанымен жақын адамдары арасында осындай дау туғаны жанына батып жүр.

http://stan.kz  

06 маусым 2019 ж. 713 0