Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ер адам түсінде Қазақстанның құрдымға кететінін көргенін айтып істі болды

Ер адам түсінде Қазақстанның құрдымға кететінін көргенін айтып істі болды

Ер адам видеороликте түс көргенін, түсінде қазақстандықтардың алдағы жүз жыл ішінде көзі жойылатынын айтады.

Тұрғынның айтуынша, түсінде  "Аралтұз" АҚ-ның Қытайға сатылған. Қытайлар тұзға денсаулыққа зиянды химиялық қоспа қосқан,
"Бұл дұрыс емес. Өндіріс процесі мен тұзды тазалау жұмысы  біздің  кәсіпорында қатаң бақылауында. Арнайы лабороторияларда сапасы үнемі тексеріліп отырады. Бір ғана лабороторияызда 1200 адам жұмыс істейді", - деді Нағашыбай Әуезханов. 
Әуезханов қазақстандық тұздың шетелге сатылып жатқанын, оған ешкімнің шағымы жоқ екенін атады. 
"Акционерлік қоғам тұзды дүкен сөрелеріне ғана емес, жақын елдерге сатады. Ешқандай шағым алған жоқпыз", - дейді ол. 
Қызылорда облыстық полиция департаменті байқоңырлық азаматтың видеоролигіне қатысты тексеру жүргізді. 
"Үндеу жасаған ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздырды" деп айыпталды.
Видео авторы тағылған айыптағыдай мақсаты болмағанын, тек түсінде көргенін аян ретінде халыққы жеткізгісі келгенін айтты", - деді облыстық  полиция департаменті басшысының орынбасары Байжан Байгелді.
Заң бойынша, оған 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.
http://stan.kz
21 маусым 2019 ж. 734 0