Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт есімі бақыт әкеледі деп сенеді: Елімізде екінші президенттің есімін қоятындар көбеюде

Қасым-Жомарт есімі бақыт әкеледі деп сенеді: Елімізде екінші президенттің есімін қоятындар көбеюде

Ал елімізде екінші президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аттастары көбеюде. Ал, көнекөз қариялар Қасым-Жомарт бақыт әкелетін есім дейді.

Ол шексіз дархандықтың, молшылық пен қара қылды қақ жаратын әділдіктің белгісі екен. Сонымен, Қазақстанда мемлекет басшысының қанша аттасы бар? 
Бойында бары асыл, 
Анашым - дарасың!
Ақылың теңіздей,
Мен үшін данасың!
Бұл небәрі 8 жастағы тараздық Қасымжомарттың өзі шығарған өлеңі. Ол ес білгенінен тарихқа қызығушылық танытып, елде болып жатқан мәселелерді қалт жібермейді екен. Оқушының сөзінше, достары өз араларында оны "Президент" атайды екен.  
"3-классқа көштім. Менің атымды атам қойған. Мені достарым еркелетеді, "Президент, Президент" деп", - дейді Қасымжомарт Қайсарұлы. 
Елдегі 654 Қасымжомарттың бірі осы. Ол Альфия Ауғанованың алғашқы перзенті. Полиглот, саясаткер, мемлекет қайраткерінің тұлғасына қызыққан атасы немересіне осы есімді әдейі таңдапты. Анасының айтуынша, ол жастайынан ән айтуға, өлең шығаруға, тіл үйренуге құмар екен. Сондықтан, "оның жан-жақтылығы үлкен үміт сыйлайды" дейді ол. 
"2011 жылы наурыз айында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ол кезде жаңағы Біріккен ұлттар ұйымындағы Женева бөлімшесінде хатшы қызметіне тағайындалып жатқан болатын. Сол кезде атасы жаңағы теледидардан жаңалықтар көріп отырып, "Балам, Сіз Алла бұйыртып босансаңыз есімін Қасымжомарт қоямыз. Дәл осы Қасым-Жомарт Тоқаев сияқты беделді азамат болып өссін" деп сол кісі өзі ырымдап қойған", - деді анасы Альфия Ауғанова. 
Ал, Статистика комитеті маманының мәліметінше, осы есіммен тіркелген 654 адамның барлығының аты дефис арқылы жазылмапты. Есімі қазіргі президенттің төлқұжатындағыдай көрсетілген екі адам ғана бар екен. 
"69 адам Қасымжомарт деп жазылған. Онда Қасымжомарт бірге жазылған. Дефис арқылы емес, бірге жазылған. Ал 30 адамның деп дефис арқылы жазылған", - деді Экономика министрлі статистика комитетінің сарапшысы Мағжан Советов. 
Қасым-Жомарт есімінің мағынасы жетерлік. Мәселен, араб тілінен аударғанда Қасым "әдемі, сұлу", ал Жомарт "дарқан, бекзат" деген мағынада айтылады. 
Ал, ырымшыл ақжаулықтылардың сөзіне сенсек бұл қасиетті, жеті қырлы бір сырлы адамдардың аты. Сондықтан, еліктеп есіміне ортақтасу айып емес деген пікірде. 
"Көптеген мүмкіндіктерге жетеді. Ерекшеліктерін көрсетеді. Біздің қазақ ырымшыл қазақ қой. Сондықтан осындай жақсы атауларды, жақсы есімдерді қоюға көп көңіл бөлеміз. Келешекте сондай адамдардың жолын берсін деп қойып жатады", - деді ардагер ұстаз Ғалия Жаңғарашева. 
Расымен де елімізде ырымшылдардың қатары аз емес екені көрініп тұр. Өйткен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін өз қолына алған сәттен 6 Қасымжомарт дүниеге келіпті. Олар Алматы, Алматы облысы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтанның тумалары  екен.
https://stan.kz
24 маусым 2019 ж. 676 0