Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Талдықорғанға барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Талдықорғанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары Алматы облысына ұласты. Президент мінген ұшақ осыдан бір сағат бұрын Талдықорған қаласының әуежайына барып қонды. Мемлекет басшысы кідірместен Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында жетісулық жұртшылықпен кездесті. Ол жерде президентке Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы баяндалды. Дөңгелек үстел басында президент бірнеше мәселеге жеке-дара тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында бүгін Талдықорған қаласындағы бірнеше нысандарды аралайды. Оның ішінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен «Қайнар АКБ» аккумулятор зауыты бар. Содан соң мемлекет басшысы Қаратал ауданына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен де таныспақ. Ол жайында жаңалықтарымыздың келесі топтамасында айтамыз.
https://24.kz
02 мамыр 2019 ж. 1 102 0