Сыған қызы: Теміртауда екі ер адамды не үшін атып тастады

Артынша, келіншек сөмкесінен қару алып, бірнеше рет жаяу жүргіншіге атты. Содан кейін жұп көлігіне отырып оқиға орнынан кетіп қалған. Қылмыскерлерді табу қиынға соқты. Олар оқиғадан соң бірден қаладан қашып, ізін жасырып үлгерген.
Бақыт Дүйсенбаевты атып тастаған арудың кім екенін анықтау қиын болған жоқ. Ол бүкіл қалаға әйгілі сыған баронының қызы Роксана Боровская болып шыққан. Ал жанындағы күйеуі Гари Ямдиев болатын.
Баронның туыстарының бәрі қалада болған бірталай қылмысқа қатысы бары анықталды. Алайда, осы уақытқа дейін құқық қорғау органдары олардың қылмысын дәлелдей алмай келген.
Роксана Боровская жастайынан-ақ есірткі қолданғаны үшін қамауға алынған. Оның күйеуі де нашақор болған екен.