Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертең Арыс қаласы ашылады – Шөкеев

Ертең Арыс қаласы ашылады – Шөкеев

24 маусымдағы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласы ертең ашылады. Бұл туралы халықпен кездесуде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты. 

«Мен қазір премьер-министр, қорғаныс министрімен сөйлестім. Ертең сағат 8-ден бастап, қала ашылады. Оған дейін сағат 06:00-ден автобустар келеді», - деді Өмірзақ Шөкеев.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымов Темірлан тас жолын бөгеп, қала басшылығынан үй, жер телімін талап еткен Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы Арыс қаласын қалпына келтіру ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сəйкес Үкіметтің тұрақты назарына алынғандығын мəлімдеді.
baq.kz
27 маусым 2019 ж. 773 0