"Бір дүкенім жоқ": Мейрамбек Бесбаев тойдың арқасында күн көріп жүргенін жеткізді

Әншіге көптеген нәрсе кедергі болған көрінеді. Әсіресе құжат мәселесіне келгенде бәрін жарты жолдан тастап кетемін дейді ол. Бизнес жасауға да икемі келмеген өнер иесі табыс көзінің той екенін жасырмай ашық айтты.
"Сосын жарты жолға келгенде қоясың ғой, өзіңде. Байығым келіп, бизнес те жасағым келді. Оны да істей алмадым. Құжаттар мен таныстар керек. Бәрі қашан бітеді деп тозып кеттім. Сенесіңдер ме, 89 жылдан бері бір дүкенім де жоқ. Тойға барсақ, елдер соны да көре алмай жатады. Тоймен ғана күн көріп жатырмыз ғой", - дейді Мейрамбек Бесбаев.