Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыстағы жарылыс: Зардап шеккен балалардың бірі есін жиды

Арыстағы жарылыс: Зардап шеккен балалардың бірі есін жиды

Арыстағы жарылыстан зардап шегіп, Нұр-Сұлтан қаласына шұғыл түрде жеткізілген пациенттердің бірі есін жиды. Ал екінші баланың жағдайы ауыр деп бағалануда. Бұл туралы қалалық №2 балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмайылов мәлімдеді,

28 маусымда Арыстағы жарылыстардан зардап шеккен 2005 және 2011 жылғы екі бала санавиациямен елордадағы №2 ауруханаға жеткізілген. 
«Қазіргі уақытта 2005 жылғы пациент нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Сол жерде ем алып жатыр. 2011 жылғы бала жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Толықтай ем алуда», - дейді аурухананың бас дәрігері. 
Оның сөзінше, екі бала да бас сүйек-ми жарақатын алған. Ата-аналары жанында. 
«Біреуі есін жиды. 2011 жылғы бала жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр»,- дейді Досмайылов.
01 шілде 2019 ж. 1 022 0