Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада бұлшықетін өсіру үшін 15 дәріні бір-ақ ішкен жасөспірімдер уланып ауруханада жатыр

Елордада бұлшықетін өсіру үшін 15 дәріні бір-ақ ішкен жасөспірімдер уланып ауруханада жатыр

Ақмола облысында дәріге уланған төрт жасөспірімінің үшеуін Нұр-Султанға санитарлық авиация арқылы жеткізді

Бұл туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
"Нұр-Сұлтан қалалық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары үш баланы амбулаториямен 25 мамырда жеткізді. 2006 және 2005 жылдары туған балалардың жағдайы таңертең жақсарды. Олар есін жиды, сөйлесіп жатыр "Эпилепсия" диагнозымен тіркелген науқасты тыныштандып жатыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Барлық науқас №2 Нұр-Султан қалалық балалар ауруханасының токсиколог және реаниматолог дәрігерлерінің бақылауында. 13 жасар жасөспірім 5 дәріні ғана ішкен, сол себепті ауруханаға келгенде ессіз күйде болған жоқ. 
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Ерейментау аудандық ауруханасына 13 жастан 15 жасқа дейінгі 4 жасөспірім түсті. Балалар кешкі уақытта ұйықтар алдында бұлшықетті өсіру үшін әрқайсысы 15 "Финлепсин" дәрісін ішкен.
http://stan.kz
26 мамыр 2019 ж. 703 0