Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыстағы жарылыста 80 баланы құтқарған 18 жастағы жігіт болған оқиғаны айтып берді

Арыстағы жарылыста 80 баланы құтқарған 18 жастағы жігіт болған оқиғаны айтып берді

Арыста болған жарылыс кезінде 18 жастағы студент жігіт балабақшадағы 80 баланы аман алып қалды. Болған жайтты Асқар Әбдіхалықтың өзі айтты.

Асқар қазір колледжде тіс дәрігері мамандығында оқып жатыр. Өзі балабақшаға көлік жүргізушісі болып жұмысқа тұрған. Оқиға болған күні балабақшадағы 80 баланы қауіпсіз жерге көшірген,
"Жарылыстың жойқын екенін сезген соң туыстарыма жолға шығыңдар дедім де, өзім балабақшаға тарттым. Ондағы екі тәрбиеші балаларды көшіруге көмектесті. 80 баланы 15 адамдық көлікке отырғыздым. Бәрін түгендеген соң оларды Шардараға алып кеттім. Кептеліс болғандықтан, жол жүру оңай болған жоқ. Автобустың арты дірілдей бастады. Бір күн бұрын көлікке жанармай толтырып қойған едім. Олай болмағанда, жағдай басқа болар ма еді. Жол бойында баланың ата-анасы балаларын алып кетті. 70 баланы Шардараға апарып, ата-аналарға хабарладық", - дейді жігіт. 
Айтуынша, ата-аналарына балаларының сау екенін дәледеу үшін видеоға түсіріп жіберген. Ата-аналары балаларын келіп алып кеткен екен. Кейін 5 баланы Шымкенке апарып, ата-анасына табыстаған.
01 шілде 2019 ж. 782 0