"Қыздар жылап жатыр": Гүлзира Айдарбекова неге келінін елге көрсетуге қарсы болғанын айтты

Тіпті алғашқы рет көрсеткенде қыздар әншіден көңілі қалып, ренжіген көрінеді. Соны көрген Гүлзира Айдарбекова бірден келініне талап қойып, уақыт беруін өтінген. Продюсер отбасыларының ортасына түскенін қаламадым деп ағынан жарылды.
"Жұрттың бәрі оның әндері өзіне арналды деп тыңдайды. Осы сезімдерін бұзбай-ақ қояйын дедім. Артынша Жұлдызға айтып түсіндірдім. Қайрат олармен бір кесе шай да ішпейді, бірге отырмайды да, сенікі. Сендер енді ғана үйлендіңдер. Көз тиеді, сөз тиеді. Сені Қайраттың әйелі емес, Жұлдыздың өзі ретінде танытсам, біраз уақыт бер дедім. Өзіңнің отбасыңа қарап, ұл-қызыңды тәрбиелеп, аналық міндетіңді орындап, күйеуіңнің жағдайын жаса дедім. Бірақ өзім қатты ыңғайсыздандым", - дейді продюсер.