"Сені іздедім талай жыл": Бидің түбін түсірген Мақпал Жүнісова мен Арман Дүйсенов жұртты күлдірді

Жүрттың көзінше бидің түбін түсірген жұлдыздар желідегілерді таңқалдырды. Оларға Мақпал Жүнісова мен Арман Дүйсеновтың биі ұнап қалған сияқты. Жұрт бірінен кейін бірі пікір жазып, ойларын ортаға салды.
"Керемет билейді екенсіздер. Өте жарасымды", "Мақпал апайдың жүрген жері той-думан", "Би де әдемі, ән де керемет", "Апамыз жүз жасасын", "Екеуіңіз де сондай кереметсіздер, өздеріңізді еркін ұстайсыздар", "Қандай бақытты жансыз. Мақпал апамызбен билеудің өзі бір ғанибет қой", - деп жазды желідегілер.