Елордада 19,5 млрд теңгеге салынған «Жекпе-жек» сарайының таныстырылымы өтті
Бүгін журналистер елордада жаңадан салынған «Жекпе-жек» сарайымен танысып шықты. Аталған спорт кешенінің ресми ашылу салтанаты 6 шілдеге жоспарланған.
Бірнешеден жылдан бері салынып келе жатқан спорт кешенінің құрлысына 19,5 млрд теңге жұмсалған. Құрылысты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырыпты.
Бұл ғимаратта жекпе-жектің барлық түрлерінен халықаралық жарыстар өтеді. Оның ішінде бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және т.б спорт түрлері бар. Сондай-ақ, кешенде жарысқа дайындық барысында спортшылар жаттығады. Бұдан басқа, бұнда салауатты өмір салтын ұстанатын қарапайым тұрғындар спортпен шұғылдана алады.
«Жаңадан салынған спорт кешені халықаралық спорт федерациясының стандарттары мен талаптарына жауап береді. Ғимараттың құрылысы кезінде жылу беру, бөлмені жарықтандырудың заманауи энергиялық тиімді жүйелер ұсынатын инновациялық инженерлік шешімдер қолданылды. Жекпе-жек сарайы ғимаратының бірегей үшбұрышты формасы Қазақстанның бостандығы мен бірлігінің символы ретінде ұшатын қыран бейнесін бейнелейді», - деді «Samruk – Kazyna Construction» АҚ сатып алу және пайдалану департаменті директоры Дархан Мұсанов.
Көп функйионалды аренаның аумағы 32 мың шаршы метр, спорт зал 5 мың адамға арналған. Кешен төрт қабаттан және бірнеше блоктан тұрады – аренадағы әмбебап жаттығу залы, жаттығу және спорттық-сауықтыру бөлмесі, сондай-ақ қонақ үй қарастырылған. Сонымен қатар, кешенде 25 метрлік жүзу бассейні, фитнес-орталық және кіші футбол алаңы да бар
«7 мамырда Шымкентте Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының фестивалі басталған. Еліміздің барлығы аймағы осы фестивальдың кезеңдерін өткізіп шықты. Енді 6 шілдеде елордада осы жаңадан салынған спорт кешенінде гала-фестивальды ұйымдастырамыз. Оған Стефа Фокс келеді («GAISF» вице-президенті). 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында бүкіләлемдік жауынгерлер ойыны өтеді. Онда спортшылар 15 сайыс түрінен сынға түседі. Фокс сол үшін жаңадан салынған кешенді аралап көрмек. Бірнеше сайыс түрі осы кешенде өтеді», - дейді Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының бас хатшысы Фархат Аманқұлов.