Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Неге бұлай бөледі екен": Мирас пен Құралай көпбалалыларға арналған жәрдемақыдан дәмеленгенін айтты

"Неге бұлай бөледі екен": Мирас пен Құралай көпбалалыларға арналған жәрдемақыдан дәмеленгенін айтты

Қазақ шоу-бизнесінде де көпбалалы ата-аналар көп. Солардың бірі - отбасылық дуэт Мирас пен Құралай. Төрт баланы өмірге әкелген ана үкіметтен көңілінің біржола қалғанын айтып берді.

Бүгінде төрт бала тәрбиелеп отырған әнші Құралай көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы туралы естіген кезде төбесі көкке бір елі жетпей қалыпты. Алайда қуанышы ұзаққа бармаған. 
«Құдайға шүкір, төрт балам бар. Өткенде осы сыбыс естілген кезде шамамен 83 000 теңгедей түседі екен деп санап қойғанмын. Содан басқа да таныс көпбалалы ата-аналардан сұраймын ғой. «Біз көпбалалы анамыз. Қандай құжаттар жинау керекпіз» деп. Сөйтсем, ол бізге емес екен. Ол деген жағдайы өте төмен, жолдасы да, өзі де жұмыс жасамайтын отбасыларға арналғанын естідім», - дейді жұлдызды ана. 
Табатын табыстары жақсы болса да, үкіметтің әр балаға төлейтін 21 000 теңгесінен әнші дәмелі болыпты. Өйткені, кез келген алтын құрсақты ана мемлекет тарапынан құрмет пен сыйға лайықты. 
«Е, ондай бақыт бізге қайда дегендей» ойланып қалдым. Әрине, дәмелендім. Іштей неге бұлай бөледі екен деген де ой бар. Мемлекетіміз төлейміз деген кезде, заң шығаратындар осылай бәрін қысқартып тастауы көңілге қаяу түсті. Барлық көпбалалы ата-анаға көмектескен жөн еді. Ақша ешқашан ешкімге көптік немесе артықтық еткен емес», - деп ойын қортындылады Мирастың Құралайы.

https://stan.kz   

09 шілде 2019 ж. 940 0