Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада көпбалалы отбасыларға 150 пәтердің сертификаты табысталады

Елордада көпбалалы отбасыларға 150 пәтердің сертификаты табысталады

Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту аясында қалалық әкімдік «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға  жалға берілетін 150 пәтердің сертификаттарын беруді бастады

Көпбалалы отбасыларға арналған 150 пәтер қалалық «Берекелі баспана» қалалық бағдарламасы аясында табысталады. Пәтерлерді беру екі кезеңнен тұрады. Оның алғашы кезеңінде 17 маусымға дейін құжаттар жинау және қабылдау, ал екінші кезеңінде 15 шілдеден бастап қоныстандыру жұмыстары жүргізіледі. 
Әкімдікте атап өткендей, қабылданып жатқан шаралар аз қамтылған көпбалалы отбасылардың баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының әл-ауқатының жоғарылауына септігін тигізеді. 
Айта кетейік, бүгінде елордада 46 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 3000-нан астамы көпбалалы отбасылар. 
Тұрғын үй кезегінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар тұр, олардың қатарында көпбалалы аналар, тұрмысы төмен азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Елордада осы жылдың соңына дейін шамамен 2 мың пәтер беріледі.

04 маусым 2019 ж. 722 0