Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Каспий теңізін зерттейтін ғылыми орталық ашылды

Каспий теңізін зерттейтін ғылыми орталық ашылды

Ақтаудағы мемлекеттік университет базасында жұмысын бастаған орталықта теңіздегі балықтар мен өсімдіктер туралы толық ақпарат жинақталып, кешенді талдау жүргізіледі. Бұл жұмыстарға ел ғалымдарымен қатар, Ресей, Оңтүстік Корея және Әзербайжан мамандары атсалысады. 

Алдағы аптада өңірге Мәскеу мемлекеттің университеті океанология институтының ғалымдары келе жатыр. Олар ақтаулық әріптестерімен бірлесіп, балықтардың популяциясын зерттеп, олардың жүзу ағысының бағытын анықтайды. Теңіз суы мен ондағы тіршілік иелерінен сынама алынып, жан-жақты тексеріс жүргізіледі. 
«Бұл жоба Каспийдегі экологиялық қауіптің алдын алуға және теңіздегі балық қорын молайтуға мүмкіндік береді» дейді ғалымдар. 
«Техногенді апаттар болған жағдайда ғана жиналып, ғалымдар шақырылып, соның бір қорытындысы ғана айтылып кететін. Ал теңіздің күнделікті тыныс-тіршілігін жүргізіп отыратын, зерттеп отыратын орталық жоқ. Осыған байланысты осы жоба қолға алынып, қазір өз жұмысын бастап кетті. Алдағы 3 жыл ішінде осы деңгейде бір зерттеулер жүргізіп, осы Маңғыстау өлкесінің, еліміздің балық шаруашылығын көркейтуге, көбейтуге барымызды саламыз деп жоспарлап отырмыз»,-деді Yessenov Университеті ректорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ермек Нұрмағанбет.
https://baq.kz

10 шілде 2019 ж. 744 0