Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыстағы қару-жарақ қоймасын біреулер әдейі өртеген болуы мүмкін

Арыстағы қару-жарақ қоймасын біреулер әдейі өртеген болуы мүмкін

Арыстағы жарылыстың болуына нендей жайттар себеп? Бұл туралы Қорғаныс министрі пікір білдірді,

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, Арыстағы жарылысқа әртүрлі жағдай себеп болуы мүмкін. 
"Найзағай отынан тұтануы мүмкін. Немесе біреу әдейі от қойған болуы мүмкін. Салғырттық әрекеттер мен техникалық қателіктер де себеп болуы мүмкін. Мұны тексеріп жатырмыз", - деді министр. 
Ермекбаев бұған дейін Арыс халқынан кешірім сұраудан бас тартқаны үшін сынға қалған еді. Арыс халқы сөзінен айнып, кешірім сұрауын талап етті. Осыдан соң қорғаныс министрі қайта пікір білдіріп, кешірім сұрауға дайын екенін айтты. 
"Мен Арыс тұрғындарымен кездесу кезінде кешірім сұрадым. Эвакуацияланғандармен, зардап шеккендермен де көп кездестім. Зардап шеккендерден қайтадан кешірім сұрауға дайынмын, бірақ менің ойымша, әскери қызметтің басты мақсаты - сөз айтып, популизмге түсу емес, болған жағдайды қалпына келтіру", - деді Нұрлан Ермекбаев.

https://stan.kz 

11 шілде 2019 ж. 648 0