"Былдырлап қояды": Қазақша сөйлеген Бүркіттің әйелі жұртты сүйсіндірді
![](/uploads/posts/2019-07/medium/1562843528_news_full15628233274dc4d97eb16d434107af4cc789826539.jpg)
Бүркіттің сұрағына майыса жауап берген Айша да қалыс қалмай өзінің қазақша білетінін көрсетті.
"Иә, бәрі жақсы. Жағдайым жақсы", - деп жауап берді Айша
Бұны көрген желідегі жұрт таңқалғандарын жасыра алмады. Олар кезектесе пікір жазып, ойларын айтып, ақ тілектерін жаудырған. Осылайша қазақша сөйлеген Бүркіттің әйелі Айшаға жұрт сүйсінді.
"Айшаның жүзінен бақытта әйел екені көрініп тұрады. Ол әрине жолдасының арқасы", "Айшаның қазақша сөйлегені сіз үшін үлкен абырой", "Екеуіңіз жақсы жұпсыздар", "Сіздерде жасандылық жоқ, қарапайым жұпсыздар", "Жарайсыз, Айша, осылай қазақша сөйлеңіз. Қандай қылықты әрі сүйкімдісіз", - деп жарыса жазды жұрт.