"Мейрамханада ән шырқадым": Кенжебек Жанәбілов Бесбаевтың қоластында жұмыс істегенін айтты

Ағасы інісін достарына тапсырып, осылайша Кенжебек Жанәбілов "Мұзарт" тобының мүшесі атанған. Кенжебек Жанәбілов Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Бесбаевтың алдында мейрамханада ән айтып жүрген кезде "Мұзарттың" мүшесі боламын деп ойламағанын жеткізді.
"Ағам "Мен інімді алып келдім. Өнер десе, ішкен асын жерге қояды. Мектепте өнер деп оқымай кетті" деп жан дүниесіндегіні айтып, тапсырып жатты. Содан әр мерекеде достарымен бас қосып, маған ән айтқызып, менің әніме билейді. Солай ән айтып жүріп, "Мұзарттың" мүшесі болып кеттік", - дейді Кенжебек Жанәбілов.