"Құлағы естімейді деді": Кенжебек Жанәбілов ұлы туралы айтты

Туылғаннан құлағы естімеген бүлдіршін бүгінде ептеп сөйлеп жүр. Перзентінің жазылып кетуі үшін барын салғанын жасырмады өнер иесі. Елімізде дәл осы ауруға шалдығатын балаларыдың саны көп екенін айтқан Кежебек Жанәбілов ешбір адамның отбасына тілемес едім деп ағынан жарылды.
"Қытайға бардық, Германияға бардық. Осы балам папа мама деп айтса той жасаймын дедім. Ислам жағынан көп нәрсеге бет бұрдық. Қазір мұндай баланың саны көп. Отбасыларға мұндай жағдай бермей-ақ қойсын", - дейді Кенжебек Жанәбілов.