Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық қыз Қытайда жұмбақ жағдайда көз жұмды: Полиция себебін атады

Қазақстандық қыз Қытайда жұмбақ жағдайда көз жұмды: Полиция себебін атады

Қытайда көз жұмған қазақстандық студент қыздың өліміне қатысты қайта тергеу жүргізілді. Оның нәтижесінде қыздың өліміне қайғылы жағдай себеп болғаны расталды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігіндегілер мәлімдеді,

Шанхайдағы қазақстандық консулдықтың өкілдері қыздың ата-анасына қайғылы хабарды жеткізіп, Қытайға баруы үшін құжаттарды рәсімдеуге көмектескен. Сонымен қатар елшілер оларға қоғамдық қауіпсіздің департаменті, марқұм оқыған университеттің өкілдері және сақтандыру компаниясы қызметкерлерімен кездесуіне көмектесті. 
Жергілікті полиция Сандира Серікханованың туыстарына студент қыз көз жұмған үйдің подъезіндегі бейнебақылау камерасындағы жазбаны ұсынды. 
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, тергеу қыздың қайғылы жағдайдың салдарынан көз жұмғанын анықтаған. Оны әлдекімнің өлтіргені туралы нұсқа жоққа шығарылды. 
Марқұмның денесі отанына жіберілгеннен кейін, оның әкесі Шанхайдағы елшілерге жүгініп, істі қайта қозғауын сұраған. Қазақстанның бас консулдығы тиісті өтінішті КХР полициясына жіберіп, іс қайта қаралды. 
«Қытай полициясы қайта жүргізілген тергеу нәтижесінде қыздың қайғылы жағдай салдарынан көз жұмғанын растады. Өлтіру нұсқасы жоққа шығарылды», - делінеді СІМ хабарламасында.
Еске сала кетсек, 26 сәуірде Чанчжоу қаласында 23 жастағы қазақстандық студент Сандира Серікханова тұрғын үйдің 17-қабатынан құлап кетіп мерт болған еді. Оның өлімінің ресми нұсқасы суицид делінгенімен, марқұмның ата-анасы қыздарының өзіне қол салғанына сенбеді.
https://stan.kz
16 шілде 2019 ж. 821 0