"Періштеге ұқсайсың": Гүлнәз Жоланова тойға дайындық бастады

Мұны көрген желідегі жұрт актрисаның әдемілігіне сүйсініп, жарыса пікір жазған. Олар Гүлнәз Жолановаға бақыт тілеп, жақсы келін бол деп қуанышына ортақтасқан. Желі қолданушыларының арасында өнер иесін ақ қанат періштеге теңеп, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағандар да болды.
"Әрбір қазақтың қызына ақ көйлек бұйыртсын", "Дайын қалыңдық. Бағың ашылсын, Гүлнәз", "Маған тұрмысқа шықшы", "Жұғысты босын", "Сүйікті актрисам, қарапайымдылығың ұнайды", "Сұлулықтың ханшайымы", "Кімге тұрмысқа шықпақсың?", "Періштеге ұқсайсың", "Бақытты бол", деп жазды желідегі жұрт.
Естеріңізге сала кетейік, Аян Өтепберген Гүлнәз Жолановаға деген сезімін ашып айтып, той қашан болатынны білмеймін деп ағынан жарылған болатын.