Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 18-20 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы күндері елімізде 45 градусқа дейін ыстық болады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстік облыстарына оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар арқылы Ираннан ыстық ауа массалары келіп түседі. Ағындар өз бағытын батыс немесе солтүстік-батысқа ауыстырмайынша, республиканың оңтүстік облыстарында 35-40°С, кей жерлерде 45°С қатты ыстық сақталады. 
Ал еліміздің солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан салқын және ылғалды ауа түсе бастауының әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, ыстық басылады деп күтіледі.

https://stan.kz
17 шілде 2019 ж. 697 0