"Аузын ашып, көзін жұмып": Жанар Айжанова психолог, тренерлерге сенетіндерді сынға алды

Қазіргі таңда батаның қадірі қалмаған деп ашында Жанар Айжанова. Өнер иесі батаның орнына тос айтып, стақан соғыстыратын қалге жеттік, үлкендердің аузында кие қалмады деп өкініш білдірген. Батаның адамның өмірінде алатын орны, оның тәрбиелік мәні туралы жеткізді ол.
"Қазір той-томалақ, жиындарда үлкендерден бата алып жарытпаймыз. Тілек айтып кетеді. "Сол үшін алып қояйық" деп бітіріп, ұятқа қалдырады. Ал нағыз батаның астары, әр сөзінің салмағы, тәрбиелік мәні бар еді", - дейді Жанар Айжанова.