Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 90-нан 173 миллионға: БЖЗҚ қызметкерлеріне төленетін ақшаның неге күрт өскенін түсіндірді

90-нан 173 миллионға: БЖЗҚ қызметкерлеріне төленетін ақшаның неге күрт өскенін түсіндірді

Қазақстанның зейнетақы қорында неліктен БЖЗҚ топ-менеджерлеріне төленетін төлемдердің екі еселенгенін түсіндірді

Осы уақытқа дейін 2017 жылы аталған қор топ-менеджерілері 90 млн төленсе, бүгінде бұл соманың 173 миллионға жеткені туралы хабар тараған-ды. Зейнетақы қорындағылар неліктен бұлай болып жатқанын түсіндірді. 
Айтуларынша, бұл жалақының емес, топ-менеджерлер санының көбеюімен байланысты болған. 
«2018 жылғы есепке басқарманың бес мүшесі және тәуелсіз директорлар кеңесінің шығыны қоса есептелген. Сондай-ақ, осы шығын есебіне жалақы, кезекті демалыс ақшасы, алынбаған демалыс үшін төленетін ақша, уақытша жұмыссыздарға төленетін сома, медициналық сақтандыру сияқтылардың барлығы кірген. Ал 2017 жылғы шығынды есептеген кезде басқарманың төрт мүшесі ғана болып еді. Сондай-ақ, олардың екеуі бір жыл толық жұмыс істемеді», - деді зейнетақы қорындағылар. 
Мұнымен қатар, аталған қордағылар неліктен кезекті демалысқа төленетін ақшаның 73-тен 90 миллионға дейін өскенін түсіндірді. Бұл сома шамамен 16 миллион теңгені құрайды. Олар мұны бір тәулікке төленетін ақша мен қосымша жұмыстардың көбейгенімен түсіндірді.
21 шілде 2019 ж. 512 0