Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Құрбан айт мерекесі 11 тамызда басталады

Биыл Құрбан айт мерекесі 11 тамызда басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і күні басталатынын мәлімдеді

Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы – міндет болып саналады. Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалуға болады. Құрбандық малы айттың үшінші күні күн батқанға дейін айт намазынан кейін шалынады.
Құрбандыққа шалған малдың етін үшке бөлсе болады. Өзіне, ағайын-туыс және көршілерге беріледі. Ал үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.
Биыл арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді. Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн.  Арапа күні қажылыққа бармаған мұсылмандар ауыз бекіте алады. Ол – мұстахап (жағымды) амал болып табылады.
https://stan.kz
05 тамыз 2019 ж. 1 068 0